Автобиография

 

Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы 3 тамыз 1956 жылы туылған.

1964-1974 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде оқып, үздік бітірген.

1974-1978 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетінде оқып, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған.

1978-1980 жылдары Алматы облысы Күрті ауданындағы Балатопар ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте өз мамандығы бойынша мұғалім болып қызмет атқарды.

1980-1983 жылдары Құйған совхозы комсомол комитетінің хатшысы.

1983-1984 жылдары Айдарлы совхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1984-1986 жылдары Күрті аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1986-1989 жылдары халық депутаттары Топар селолық советі атқару комитетінің төрағасы.

1989-1992 жылдары Күрті аудандық ауылшаруашылық қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Халық депутаттары селолық, аудандық советтің депутаты болған.

Бұрынғы Күрті, қазіргі Балқаш ауданында 14 жыл қызмет атқарды.

1992-1997 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы әкімінің орынбасары.

1997-1998 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары (бұрынғы Кеген, Нарынқол аудандары біріккен кезде).

1998-2009 жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

Жалпы, 18 жыл аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. «Райымбек ауданының құрметті азаматы».

2009-2013 жылдары Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы.

2013-2016 жылдары Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ «Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы» директоры қызметінде.

 

Наградалары:

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл);
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл);
  • «Астананың 10 жылдығы» (2007 жыл);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл);
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл»(2015 жыл)
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»(2015 жыл)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 жыл) мерекелік медальдарымен наградталған;
  • «Астананың 20 жылдығы» (2018 жыл).

Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері».

Елбасының алғыс хатымен және облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.